5.04.2017, 17:51
Оқылды: 29

Тоғызқұмалақшылар топ жарды

Семей қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында өткен  республикалық чемпионатқа еліміздің 15 облысынан 200-ге тарта жас спортшы қатысты. Олардың арасында Қайрат Шаутенов шыңдаған жаңақалалық тоғызқұмалақшылар бар.

Соңғы кездері ұлттық спорт түрі - тоғызқұмалақ ойынын аудан жастары арасында дәріптеп қана қоймай, шәкірттерін  облыс, республика көлемінде өтетін жарыстардың шыңына шығарып жүрген Қайраттың шәкірттері бұл жолы да құр қол қайтпады.

Нақтырақ айтсақ, 12 жастағы қыздар арасында Ақгүл Бауыржанқызы қоланы қанағат тұтса, 8 жастағы қыздар арасында жүрісінен жаңылмаған Айназ Сақтаған қанжығасына күміс байлады. Ал 10 жастағы қыздар арасында қарсыластарын бет қаратпаған Інжу Қайыржанова алтыннан алқа тағып, чемпион атанды.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале