10.08.2021, 19:43
Оқылды: 44

Тоғызқұмалақшылар топ жарды

Тамыз айы басталғалы 4 жылда бір рет өтетін «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты ойындары жалауын көтерді. 6 тамыз және 8 тамыз күндері аралығында Сырым ауданы, Жымпиты ауылында ұлттық ойын -  тоғызқұмалақтан жарыс өткен болатын. Командалық есепте Жаңақала ауданы тоғызқұмалақшылары жүлделі II орынға ие болды.

0FE735B1-68F6-4CD0-8245-2345AAA4B037

12 ауданның таңдаулы спортшылары қатысқан жекелей сында ерлер арасында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ тобының жаттықтырушысы, ҚР Ұлттық дәрежедегі төрешісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы күміспен күптелді. Қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін республикалық «Ақ бидай» ойындарында  Қ.Шаутенов тоғызқұмалақтан облыс намысын қорғайтын болады.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале