Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта аудан мектептерінің 11 сынып бітірушілеріне алдын-ала тестілеу өтті. Биыл барлық мектептер бойынша 291 түлек мектеп бітірсе, соның 231-і жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.
Аталған алдын-ала емтиханға 214-і қатысты. Бұған дейін осындай байқастау сынағы 8 рет өтті. Тестілеудің қорытындысы бойынша 53 қыз-жігіт 100 балдан асырды. Орташа балл 80,5-ті құрады. Оқушылардың жаңа форматтағы ҰБТ-ға төселіп қалғандығы байқалады.
Сонымен 20 маусым күні түлектерді үлкен сынақта сәттілік тілейміз!
Құрмет ҚАДІР
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz