ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Бөкей хандығының 220 жылдығына орай Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек, Жетібай ауылдарының шаруа қожалық жетекшілері мен ауыл азаматтарының қолдауымен Тойтөбеде дала қызығы ұйымдастырылды. Айтулы шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың құттықтауын жеткізді.
Ат жарысына Сайқын, Мұратсай, Саралжын ауылдарынан басқа да көршілес Казталов, Жәнібек аудандарының арғымақ баптаған атбегілері мен шабандоздары арнайы келіп, бақ сынады.
Нәтижесінде:
"Аламан бәйгеде" (21 шақырым)
І орын Мержас Төлегенов, тұлпары "Саната" (Көктерек ауылы),
ІІ орын Нұрболат Әдиетов тұлпары "Сұлтан" (Көктерек ауылы),
ІІІ орын Мержан Төлегенов , тұлпары "Ақтанау" ( Көктерек ауылы),
IV орын Бейбіт Айтасов, тұлпары "Қарқын" (Көктерек ауылы),
"Құнан бәйгеде" (12 шақырым),
I орын Алмас Ғайсин арғымағы "Ханшайым" (Саралжын)
II орын Олжас Ғұбашев арғымағы "Қарабала" (Көктерек)
III орын Кенжебек Өтепқалиев, арғымағы "Ала аяқ" (Көктерек)
"Тай жарысында" (6 шақырым),
I орын Асқар Мұқанғалиев тайы "Қазына" (Саралжын)
II орын Мейірбек Бұхаров тайы "Флеш" (Мұратсай)
III орын Жаслан Хайрушев тайы "Сұлуқара" (Сайқын ауылы)
Жүлдегерлер ақшалай сый-сыяпаттарымен, дипломмен марапатталды.
Марапаттарды аудан әкімінің орынбасары М.Аққалиев, ауыл әкімі К.Құрмашев және шаруа қожалық жетекшісі С.Сарсенов табыс етті.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz