Шыңғырлау ауданындағы «Бөкенбай батыр» атындағы атшабарда жаппай көкпардан және аударыспақтан өткен жарыста сырымдық жігіттер жасындай жарқылдады.
Аударыспақ - ат үстіндегі күрес. Оған тақыммен бірге білек күші де керек.
Белгілі атсейіс Төлеби Қайыржанов жаттықтыратын А. Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің аударыспақ үйірмесінің шәкірттері - Нариман Нұршат, Нұрсұлтан Өтепов, Нұрымжан Баймұханов, Диас Төлеу командалық тартыстарды түгел өз пайдаларына шешіп, жеңімпаз атанды.
- Төрт шабандоздан да ертең қазақ көкпарының жұлдыздары шығады, - деп сеніп отыр бапкер Төлеби.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz