23.10.2023, 21:10
Оқылды: 43

Төменгі қабатпен жол қатынасы ашылады

Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев келді. Мақсат – құрылысы жүріп жатқан "Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы", "Өнеге – Бисен – Сайқын" республикалық маңызы бар жолдардың жұмыс барысын көріп, қадағалау болатын.

IMG_3025

Министрмен бірге облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бауыржан Айтмағамбетов, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин болды. Аудан әкімі Тимур Шиниязов оларды жолдан күтіп алып, жұмыс барысын айтып берді.

IMG_3035

- Қазіргі таңда жұмыстар аяқталу сатысында. Соның ішінде "Казталов – Жәнібек – РФ шекарасының" 53-95 шақырым аралығындағы бір көпірді жөндеу жұмыстары және 4,5 шақырым болатын төменгі қабаттағы асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоспар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін төменгі қабатпен жол қатынасы ашылады. Келесі жылы осы бөліктің екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Алла қаласа, талай жылдан бері тұрғындардың арман болған тілегі қуанышқа ұласады, - деді аудан басшысы.

IMG_3013

Министрдің жұмыс сапары Бөкей ордасы ауданында жалғасады.

IMG_3015

IMG_3017

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале