Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысының өнерлі жастары арасында «Жайық Star – 2018» шығармашылық байқауы өткізілді.
Осы байқауға Жаңақаладағы Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің өрендері қатысып, облыс жұртшылығының алдында өз өнерлерін паш етті.
Байқау нәтижесінде «Домбыра» номинациясы бойынша Ертай Ғұбайдуллиннің төл шәкірті Дінмұxамед Сыйықов II орынды еншілесе, Томирис Нағым I орынды жеңіп алып, республикаға жолдама алды. Үлкен топ бойынша қатысқан жас маман Темірлан Сыралиев жүлделі III орынға ие болды. Сонымен қатар,
қобыз аспабы бойынша Айнара Талғатова (жетекшісі Г.Құспанова) II орынды олжаласа, өнерлі шәкірт дайындағаны үшін ұстаз Е.Ғұбайдуллин алғыс хатпен марапатталды.
Ақсұңқар СӘДІР,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!