Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEEO) бастамасымен жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Бұл күн сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар Дүниежүзілік сайлау күнін белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздейді.
Аталмыш күнді атап өтудің басты міндеті – қоғам санасына демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру.
Қабылданғанына бір жыл болған атаулы күнге орай ҚР Парламенті мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу кезінде сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтай отырып, жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгейін көрсеткені үшін орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Мақсот Каюбов, Трекин ауылдық клубының жетекшісі Анна Сидорова, зейнеткер Асқар Ханов және Краснов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Майра Құзайырова ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің алғысхатымен марапатталды.
Учаскелік сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, сайлау жүйесінің дамуына азаматтарымыздың сайлауға және сайлануына конституциялық құқықтарын іске асыруына ықпал еткен жандарды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов жеке құттықтап, алғысхаттарды табыстады.
Әр марапатталушының орны ерекше екенін атап өткен Р.Ихласов оларға зор денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz