25.04.2022, 17:40
Оқылды: 52

Төрт ауылда әмбебап мәдениет үй салынбақ

Алдағы уақытта Бәйтерек ауданының ауылдарында салынатын мәдениет үйінің ішінде спорт залдар болады.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 17.04.11

Облыс әкімінің Бәйтерек ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан әкімі Марат Тоқжанов баяндағандай, қазір Көшім, Макаров, Достық, Щапов сияқты ірі ауылдарда спорт зал немесе клуб жоқ. Бүгінгі таңда аталған ауылдарда спрот залы бар мәдениет үйін салуға арналған жобалық құжаттамалар дайын.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 17.03.27 (1)

Айта кетейік, ауданда 35 мәдениет ошағы, 51 кітапхана, 1 «Бәйтерек» спорт клубы қызмет атқаруда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауданда 22 ауылдық округте 175 спорттық құрылым, соның ішінде: 48 спорт зал, 126 жазық ғимараттар (спортық алаңдар, алаңқайлар), мен 2 ату тирі бар. Өткен жылы Железнов, Шалғай, Щапов, Рубежин, Озерный, Калинин, Переметный ауылдарында 7 спорт алаңы, Зеленый, Володар, Махамбет, Егіндібұлақ ауылдарында 4 балалар ойын алаңы салынды.

WhatsApp Image 2022-04-25 at 17.03.27

Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті бюджет есебінен биыл да жалғасын табады. Биыл Трекин, Зеленый, Ақ бидай, Новенький (Железнов), Жаңатаң ауылдарына балалар ойын алаңы, Сұлукөл, Макаров, Махамбет, Дариян ауылдарына спорт алаңы салынады. Қазір Калинин ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеу жұмысы басталып кетті.

Сәкен Әбілхалықов,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале