10.04.2017, 17:12
Оқылды: 41

Төрт азаматтық іс медиатордың көмегімен шешілген

Жыл басынан бері Қаратөбе ауданында медиаторлардың қатысуымен азаматтық істер бойынша 4 медиациялық келісім жасалған. Бұл туралы аудандық сотта өткен брифингте айтылды.

Брифингте статистикалық  мәліметтерді сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы баяндады. Оның айтуынша, ауданда 2017 жылы келіп түскен талап-арыздардың саны және аяқталған істер саны өткен жылмен салыстырғанда, 2 есеге көбейді. Оның ішінде, 16 талап-арыз жеңілдетілген жазбаша іс жүргізу тәртібімен аяқталды.

- 2017 жылдың бірінші тоқсанында 6 қылмыстық іс қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл 2 есеге көп. Оның ішінде 2 қылмыстық іс сотталушылардың жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау» заңының шығуына орай жазадан босату және жазаның мерзімін қысқарту туралы 18 іс қаралды, - дейді сот төрайымы.

Баспасөз маслихатының соңында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерін орындау үшін қажетті шаралар қолданылатынын жеткізді.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале