Жыл сайын жазда жеміс-жидектің әр түрінен тосап, тәтті шырын қайнатып, қысқыға жинап алатын ұсынықты отаналар биыл тығырыққа тірелгендей. Қанттың бағасы шарықтап, 700 теңгеге жетіп тұр. Ондай бағамен қант алып, тосап қайнату қымбат екені сөзсіз. Сондықтан бүгін қантсыз тосап жасаудың әдістері жайлы айтып, нақты тәсілдерімен бөлісеміз.
Сонымен, жидектерден қантсыз екі жолмен тосап дайындап алуға болады екен. Тосапты тоқтап-тоқтап қайнатқандықтан, ол қою болып шығады.
1 тәсіл:
600 гр жидек, 1 шай қасық лимон шырыны.
Жидекті қайнататын ыдысқа салып, лимон шырынын үстінен себесіз. Содан соң орташа отта 5 минут қайнатып, астын өшіресіз. Бір сағат тұрады. Одан соң тағы да осы жолмен екі рет қайнатасыз да ыссы күйде тосапты ыдысқа салып, аузын қақпақпен бекітесіз.
2 тәсіл:
1 келі орман жидектері, 1 келі бал.
Жидектерді ыдысқа салып, әбден езіп аласыз. Үстіне бал құйып, бір текті болғанға дейін араластырыңыз. Содан соң шыны ыдысқа салып, қақпақпен бекітесіз.
Құлпынай
600 гр құлпынай, 1 шай қасық лимон шырыны.
Құлпынайды тазалап, екіге бөліңіз. Ыдысқа салып, орташа отта 5-7 минут қайнағаннан соң астын өшіріп, бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Осылай етіп екі рет қайнатып, суытасыз. Ең соңында лимон шырынын қосып, араластырып жібересіз де шыны ыдыстарға салып тастайсыз.
Шие
1,5 келі шие.
Бұл су моншасында қантсыз шие тосабын дайындау тәсілі.
Алдымен шиені жуып, дәнін алып тастайсыз. Содан соң ыдысқа салып, 60 минут қатты отта су моншасында ұстайсыз. Кейін отты басып, арасында араластыра отырып тағы 1 сағат қайнатасыз. Бұдан әрі астын мейлінше басып, тағы 1,5 сағат қайнатасыз. Ыдысқа салып, қақпағын мұқият бекітіңіз.
Қарақат
1 келі қарақат.
Қарақатты тазалап, жуып, шыны ыдыстарға бөліп салыңыз. Кастрюль табанына жұқа сүлгі төсеп, шыны ыдысты соның үстіне қойыңыз. Шыны ыдыстың орта беліне дейін жеткізіп, кастрюльге су құйыңыз да 15-20 минуттай қайнатыңыз. Бұдан соң шыны ыдысты қақпақпен бекіте бересіз.
Қызыл қарақат пен алма
2 келі қызыл қарақат, 1,5 келі тәтті алма.
Тазаланып, жуылған қызыл қарақатты ыдысқа салып, қайнауға жеткізіңіз. Тазаланған алманы ұсақтап турап, үстінен қосыңыз. Қайтадан қайнауға жеткізіп, араластыра отырып, 5-7 минуттан үш рет қайнатып алыңыз. Тосап дайын. Шыны ыдыстарға салып, қақпағын бекітіңіз.
Алма
1 келі алма, 250 мл грамм су.
Алманы бөліктеп кесіп, үстіне су құй да, 15 минут пісіріп ал. Блендер немесе елеуіштен өткізіп, қоймалжың қалыпқа жеткіз. Кейін қайтадан, толық қоюланғанға дейін тағы да пісіріп ал. Дайын болған тосапты шыны ыдысқа салып, қақпақпен жауып таста.
Өрік
1 келі өрік, 1 стақан бал, 1 стақан су.
Өрікті сүйегінен ажыратып, төртбұрыштап кесіп ал. Балды суға салып қайнатып ал. Сол шәрбатқа кесілген өрікті салып, қайнаған соң 5 минут пісіру керек. Дайын болған өрік тосабын шыны ыдысқа салып, қақпағын бұрап таста.
Сөз соңында: ғаламторды ақтарып, қантсыз тосап қайнату тәсілдерін алған кезде біздің өңірде өсетін және неғұрлым жиі қолданатын жеміс-жидек түрлеріне тоқталдық.
«Он саусағынан бал тамған» шебер қыздар, тосап дайындау, қысқыға тұздықтар жабу тәсілдеріңізбен бөлісе отырыңыздар.
Редакцияның электрондық поштасы: [email protected]
Материалды ғаламтордан
жинақтап, аударған Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz