10.03.2017, 11:23
Оқылды: 23

Төтенше жағдайға сақадай сай дайындықтарын байқатты

Коктем-2017  10 наурыз күні Қазталов ауданында табиғи апаттардың алдын алып, зардаптарын жою жөніндегі шұғыл әрекет тобының «Көктем-2017» штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аудандық шұғыл әрекет ету құрамы 10 қызмет, 72 адам, 35 техникадан құрылған.


  Аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов, - Барлығын бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік жоқ. Қандай да болмасын қауіп-қатерге сақадай сай болуымыз қажет, -деді. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиынында құтқарушылардың қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі мен арнайы техниканың жағдайы тексерілді. Сонымен қатар шұғыл ету жасағының құрамалары жаттығудың өту мақсатын айтып, көктем кезіндегі төтенше жағдайлардың қаупі бола қалған жағдайда атқарылатын әрекеттері жөнінде нақты жұмыстарды айтты.

  Өрт сақшылары, суда құтқару қызметі, полицейлер, жедел жәрдем мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері сап түзеп,  дайындықтарын   көрсетті.

Жұлдыз Асқар

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале