18.08.2021, 10:11
Оқылды: 63

Төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары пысықталды

16-17 тамыз аралығында Казталов ауданының аумағында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында кешенді оқу-жаттығуы өтті.

тт2

Төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу жұмыстары барысында аудан орталығында адамдар көп жиналатын орындардағы өрт және адамдарды эвакуациялау, энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі апат, ірі қара мал ауруының жұқтыру ошағын дезинфекциялау, коронавирус індетін жұқтырған науқасқа медициналық қызмет көрсету, өртті жол көлік оқиғасын жою, дала өрті, құрғақшылық және су деңгейінің төмендеуі, аммиактың төгілуі кезіндегі азаматтық қорғау қызметтерінің әрекеті пысықталды.

тт4

Кешенді оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша заң талаптары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын,аумақтық кіші жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және орын алған кезде әрекет етуге дайындығын тексеру.

тт5

Ал дайындық жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары, эвакуациялық қабылдау комиссиясының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылық құрамы және БАҚ өкілдері қатысты. Командалық оқу-жаттығу штабының басшысы Талғат Сисенғалиев аталған іс-шараның өткізілуі мен орындалуы жөнінде мәлімдеме жасады.

тт6

- Кешенді оқу-жаттығу жұмыстары облыс әкімі – азаматтық қорғаныс бастығының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 306-ө өкімімен бекітілген басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Ауданның азаматтық қорғау қызметтеріне, азаматтық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне 8 сигнал келіп түсті және жеткізілді. Жаттығу барысында азаматтық қорғау штабтарының, қызметтерінің жұмысы, құрылымдардың дайындығы, олардың жасақталуы, мүлікпен және техникамен жабдықталуы тексерілді. Ауданның коммуналдық кәсіпорындары, тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, әлеуметтік обьектілері бойынша барлық жұмыстар бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес жүргізілді.

тт7

Төтенше жағдайларға дайындықтың қорытынды кезеңі ретінде кешенді оқу-жаттығудың барлық практикалық және теориялық іс-шаралары ауданның ерекшеліктеріне барынша байланыстыра және жазғы кезеңдегі проблемалық мәселелерді шеше отырып өткізілді. Жаттығу барысында Казталов ауданы аумағындағы жағдайлар туралы жедел ақпарат жинау миханизмі пысықталды. 263 адам және 42 бірлік техника санымен 12 авариялық-құтқару қызметі мен құрылымдары дайындыққа келтірілді.

Оқу жаттығудың жоспары бойынша төтенше жағдайлардың салдарын жоюға құрылымдардың жеке құрамынан 78 адам және 15 бірлік техника тартылды. Кешенді оқу-жаттығу жоспары толық көлемде орындалды. Казталов ауданының басқару органдары болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға дайын, - деді ол.

Кешенді оқу-жаттығу жұмыстары аудан әкімінің үлкен залында қорытындыланып, бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.у.а. Р.Біләловтың алғыс хатымен марапатталды. Оқу-жаттығу жұмыстары санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале