21.09.2021, 18:12
Оқылды: 49

Төтеншеліктер сақадай сай

Таң атысымен Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Төтенше жағдай орын алған Алматы облысына темір жол көлігімен арнайы техника жеткізу керек екені туралы хабар алысымен үш трактор, бір эксковатор, екі тиеуші көлік, үш шахман жүк көлігі мен бір кранды отарба қозғалатын орынға жеткізді.

 4

Бұл халықаралық «Жер - 2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарының сценариі еді.

Ол жерде аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов пен төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Николай Сламихин келген арнайы техника мен мамандардың дайындығын тексерді.

3

Жаттығу жиындарының екінші кезеңінде аудан орталығындағы жас туристер станциясы төтенше жағдайдан зардап шеккендерді қабылдау пункті болып жасақталды. Ол жерден адамдар демалатын 40 орындық он бөлме, зардап шеккенедерді қарайтын медпункт жасақталды. Сондай-ақ вакцина алмаған азаматтардан ПТР тест алатын орын дайындалды.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов аудан төтеншеліктерінің жұысына оң баға берді.

 5

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале