Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаров пен Трекин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Дәулет Убаевтың есептік кездесуінде көптеген мәселелер қозғалды.
- Өткен жылы Трекин ауылдық округінің бюджеті 31 миллион теңгені құрады. Оның 26 млн. 427 мың теңгесі ауылдық округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге жұмсалған болса, елді мекендерді абаттандыруға 143 мың, көшелерді жарықтандыруға 3 миллион 400 мың, қар шығару жұмысына 500 мың, округті тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарына 500 мың теңге жұмсалды, - деді Дәулет Убаев.
Трекин ауылдық округінде 92 жеке кәсіпкер, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 42 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Округке қарасты 20 804 гектар жердің 2 729 гектары орман, 1 256 гектары шабындық, 2 255 гектары жыртылған жерлер болса, 3 268 гектар жер елді мекенге тиесілі.
Есептік кездесуде ауыл тұрғындары А.Қаделова, М.Ерниязов, мал ұрлығының алдын алу, ауылды көгалдандыру, ауыз су мәселесі, көшелерді жарықтандыру, қаңғыбас иттерді ату, қоқыс жәшіктерін қою сияқты көптеген түйткілді жайларды қозғады.
Ертай Бимұханов
cуреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер