Казталов ауданы орталығындағы №219 сайлау учаскесінде осынау айтулы күні 42 жасқа толып отырған азамат өз таңдауын жасады. Саяси науқан туған күнімен тұспа-тұс келген Марат Кулекеев еліміздің маңызды саяси оқиғасына үн қосты.
Жеке мерекесінің ҚР Президентінің сайлауы күнімен қатар үндесуіне риза екендігін жеткізді.
- Бүгінгі айтулы күнде елдің жарқын болашағы үшін азаматтық парызымды орындап, таңдау жасадым. Халықтың да көзқарасы оң. Жеке мерекемді елеп, арнайы сыйлық тарту еткен комиссияға шексіз ризашылығымды білдіремін, - деді туған күн иесі.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz