«Жайық Пресс» медиахолдингінің облыс көлеміндегі жобасы бүгін Тасқала ауданына келді. Бас директор Рауан Сәбитов бастаған топ арнайы бағдарлама бойынша іс-шаралар өткізуде.
Алдымен «Азалы ана» мемориалдық ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойған қонақтар аудан басшысы Алдияр Халеловтың қабылдауында болды.
Аталмыш жобаның негізгі мақсаты редакция қызметін жан-жақты насихаттай отырып, газетпен үздіксіз байланыста отырған аудан тұрғындарын, қолдан келер көмегін беріп отырған кәсіпкерлерді марапаттау екенін Рауан Сәбитұлы өз кезегінде тілге тиек етті.
-Жалпы осы уақытқа дейін газетке мақала жазып, ой-пікірін білдіріп келген оқырмандарымыздың одан да әрі белсенділік танытуына септігімізді тигізгіміз келеді,- деді медиахолдинг басшысы.
-Бәріміз де халық игілігі үшін қызмет атқарудамыз. Сондықтан бір-біріміздің еңбегімізді бағалап, қолдау көрсете жүруге тиіспіз. Бүгінгі сапарларыңызға сәттілік тілеймін. Расымен де, ауданды көзбен-көріп, ахуалымен танысқанның жөні бөлек болмақ. Жоба – тамаша бастама екенін айтқым келеді,- деді Алдияр Сансызбайұы.
Әсемгүл БЕКЕШЕВА,
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz,
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!