10.10.2018, 9:35
Оқылды: 98

«Туған жер» этно-мәдени жобасы Жәнібекте

«Жайық Пресс» медиахолдингінің «Туған жер» этно-мәдени жобасы аясындағы делегация Жәнібек ауданына келді.  

IMG_6388

         Делегация мүшелерін аудан әкімі Азамат Сафималиев қабылдады. Қабылдаудан кейін  медиахолдингтің Бас директоры Рауан Сәбитұлы аудан ардагерлерімен, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин  М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің, «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова бастаған топ № 1 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті. Ұйымдастырушылар жиынмен қатар Т.Жароков атындағы орта мектепте 7-11 сынып оқушылары арасында  аудандық шығармалар байқауын  өткізді.

         Ардагерлер үйінде өткен жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысты. Басқосуда қариялар аудандық, облыстық газет беттеріне зерттеу мақалалар, үлгі болар жас отбасылар туралы мақалалар керек екенін айтты. Қариялар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақ қойды. Рауан Сәбитұлы  басылымдардың негізгі оқырмандары – қариялар екенін баса айтып, ұсыныстарын қарастыратынын жеткізді.

         Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде медиахолдингтің Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен «Туған жер» атты қорытынды гала-концер өтті. Жәнібектік әншілер Шынар Каюпова мен Қажымұқан Хамидолла «Жәнібегім» гимнімен басталған концертте аудандық басылымға жан жақты қолдау көрсетіп,  оған жазылымды  жоғары деңгейде ұйымдастырып жүрген Борсы ауылдық  округінің әкімі Айгүл Бекқалиева, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Алтай Бақтығалиев, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат  Қаратаевқа Алғысхат табысталды. Қолдау көрсетіп жүрген бір топ мекеме басшылары Сәуле Исмағұлова, Ғалия Елемесова, Маркс Нұфтығалиев, Светлана Джукина, Мейіржан Хабиев, Гүлмира Бекжанова, Назгүл Ситешоваларға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ газетті оқырмандарға уақтылы және өз деңгейінде жеткізіп жүрген пошта қызметкерлері Эльвира Айталиева , Мейрамгүл Дінимова марапатқа ие болды.

         Аудандық басылымға тұрақты түрде  сапалы мақалалар  жазып жүрген Гүлнар Ахметова, Ақлима Қуанғалиева, Әдемі Сүлейменоваларға «Шұғыла» газетінің штаттан тыс тілшісі» куәлігін, тырнақалды туындыларын жазып жүрген №1 мектеп-лицейінің 7-сынып  оқушысы Мәдина Қазбекова , Х.Халиуллин атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Жанбатыр Ерсайынов, Ғ.Қараш атындағы мектептің 8-сынып оқушылары Азат Ғайнолла, Назылы Нұрмұханға «Шұғыла» газетінің жас тілшісі» куәлігін салтанатты түрде табыс етілді.

         «Ғажайып  өлке» шығармалар байқауында топ жарған Ғ.Сарыбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Бекназар Бекқали (жетекшісі Әсел Берікқалиева), Е.Ниетқалиев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Динара Жанәлиева (жетекшісі  Мәдина Төлешова), Т.Жароков атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Жанаргүл Серік (жетекшісі Бибинұр Сүйінішәлиева) облыста тұңғыш рет өтетін «Өрімтал» жас тілшілер фестиваліне жолдама алды. Үздік көрінген оқушылардың жетекшілеріне, ұйымдастыруға үлес қосқан аудандық білім беру бөліміне Алғысхат берілді. Кеш барысында аудандық «Қазпошта» торабы аудандық бөлімшесінің екі қызметкері аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев облыстық «Орал өңірі», «Приуралье», аудандық «Шұғыла» газетіне жазып, Рауан Сәбитұлынан арнайы түбіртек табыс етті. Филармония әншілері Алтынбек Оразов, Асланбек Қуанәлиев, Дархан Құлбабаев, Ақмарал Ахметова, Ақмарал Кемелхановалар жәнібектіктерді әнмен тербеп, рухани демалыс сыйлады.

Әсемгүл ҚУАНҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

IMG_0022 IMG_0039 IMG_0103 IMG_6413

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале