27.09.2021, 17:58
Оқылды: 56

Туған жерді түлетуде

Туған жерді түлетуге үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Ауылын абаттандыруда кішкене бола ма, жоқ ауқымды сыйлық бола ма, маңызды емес. Бастысы – ниет.

971F3C87-455D-4415-9B1D-33F9B7823229

Қосарал ауылында Сырым орта мектебінің 2006 жылғы түлектері мектеп бітірулерінің 15 жылдық мерейтойларына арнап, үлкен сый жасады. Ауылдағы жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, өз қаражаттары есебінен ауылдың орталық көшесіне көлемі 7.5*7.5 м2, жалпы құны 600000 теңгені құрайтын «Street Workout» тарту етті. Айналасын арнайы қоршаумен қоршап, жарықшамдар қойды.

A94C9826-9446-4674-BC7C-17D91610E1F3

Туған өлкенің дамуына үлес қосқан 2006 жылғы түлектерге ауыл тұрғындары алғыс білдіруде.

Гаухар Саханова,

«Сырым елі» газетінің штаттан тыс тілшісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале