Жәнібек ауданының әкімдігінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелеріне арналған семинар-кеңес өттті. Оған ауылдық округтердің әкімдері, аудандық дербес бөлімдердің басшылары, тиісті мемлекеттік мекемелердің есепшілері қатысты.
Жиынды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ашып, ауданның 2017 жылғы түзетілген бюджетінің кіріс және шығыс жағы жайында мәлімет берді. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева сөз алып, жергілікті өзін-өзі басқару, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді анықтау, түгендеу жұмыстарын жүргізу, салықтың 6 түрі, ауылдық округтердегі кіріс көздерін ұлғайту, бюджетті игеру үшін интернет пен компьютердің толық қолжетімділігі, штаттық бірлік және тағы да басқа мәселелерге байланысты туындайтын жайттарды егжей-тегжейлі баян етті.
Басқосуда сондай-ақ облыстық қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы Жеңіс Нигметуллин мүлікті басқару, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік бөлімінің бас-маман-заңгері Ильдар Ғайнутдинов мемлекеттік сатып алудың өзекті мәселелері бойынша жиналғандарға кеңінен түсініктер беріп, кейбір көкейкесті сауалдарға айқын жауаптар қайтарды.
Семинар-кеңесте сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Тишанқызы бұл жиынның мақсаты - жергілікті жерлердегі мүдделі мекемелерге нақты көмек көрсету, қателіктерді болдырмас үшін оның алдын алу екенін айта келіп, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік хақында сөз қозғады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы күн тәртібіндегі мәселелерді құлақтандыру мақсатында ақпараттық топты ауданға арнайы басқарып келген облыс әкімінің орынбасарына және ақпараттық топ мүшелеріне семинар-кеңеске қатысушылар атынан алғысын білдірді.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz