21.04.2023, 14:43
Оқылды: 50

Түйткілді мәселелер талқыланды

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінде аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңеске  Рухолла Саматов төрағалық етті.  Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, талқыланды.

жаңақала

Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов бөлімнің атқарылған жұмыстарына толығырақ тоқталып, жастар, дін және ақпараттық саясаттың өзектілігін атап өтті. Жиынға қатысушылардың дін саласы жөнінде қойған сұрақтарына бас имам Ж.Санатұлы жауап берді. Одан әрі жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов орталықтың жұмыстарына шолу жасап,  қазіргі орналасқан мекеме ғимараты жөндеу жұмыстарын қажет ететінін жеткізді.  Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашев ауылдық округ әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттәк қызметтің сапасы туралы баяндап, «Табысы туралы анықтама алу» қызметін онлайн алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов Жаңақала аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы 31-1 шешіміне өзгерістер енгізуді ұсынып, 2023 жылға арналған аудандық бюджет бойынша баяндады. Айтылған ұсыныс, пікірлер ескеріліп, қоғамдық кеңестің күн  тәртібіне кірістірілді.

Нұргүл Елтайқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале