16.01.2023, 21:53
Оқылды: 44

Түлектер назарына!

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен 2023 жылғы оқу жылына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға курсанттар мен тыңдаушылар құрамын қалыптастыру кезінде оқушылар мен жастардың кәсіби бағдарлау жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда.

image-16-01-23-08-12-4

Атап айтқанда, Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Арман Қыдырсихов аудан орталығындағы жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі, Сырым ауданы білім беру бөлімінің мектеп-лицейі және жалпы білім беретін Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 10-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу туралы, оларға ауысу тәртібімен Ресей және Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бейімді жоғары оқу орындарына оқу мүмкіндігі болатыны туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

image-16-01-23-08-12-1

Мектеп оқушыларына арнайы дайындалған видеороликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Алдағы уақытта аудан аумағында орналасқан ауылдық округтердегі білім беру мекемелеріне де үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілетін болады.

Аталған оқу орны туралы Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне келіп ақпарат алуға болатынын қаперлеріңізге саламыз!

 

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале