Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде Жәнібек ауылындағы айшықты «Түлектер» саябағын жаңғырту жөнінде жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі Тимур Шиниязов, аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев, мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерсайын Ғұбашев, ауыл әкімі Абзал Қаратаев, еңбек ардагері Қабаш Жүнісов, тәжірбиелі бағбан Ербол Қадимов қатысты.
Аудан дамуын алға сүйреп жүрген қатысушылар ұсыныстар айтып, әртүрлі пікір білдірді. Дегенмен бұл бүгін басқосып, ертең шешіле қалатын жұмыс емес екенін естен шығармаған жөн. Алдағы уақытта бұл бағытта тағы жиындар болады. Аталған саябаққа тал егу бірінші кезекте тұр. Содан кейін алаңдар мен сана сергітетін орындар салынса, аудан тұрғындары тынығатын бірден-бір орын болары сөзсіз.
Ақтілек Әлібекұлы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz