12.07.2021, 10:46
Оқылды: 33

Түлектер тарту жасады

Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының "Туған жер" арнайы жобасы аясында Казталов ауданы, Болашақ ауылы, Болашақ орта мектебінің 1996 жылы бітірген түлектері демеушілік танытып, 800 мың теңге қаражатқа ауылдың кіре беріс жолына жарық шамдар орнатып, тұрғындардың игілігіне тарту етті.

5ECEAA56-5A3A-477C-9140-A0887C2B36A1

Салтанатты шарада округ әкімі Д.Ахметов сөз сөйлеп, аудан әкімі А.Есалиевтің алғысхатын табыстап, осы іске бастамашы болған 25 жылдық түлектерге ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдірді. Ауыл ақсақалдары осындай ауқымды жұмысты қолға алған ауыл түлектеріне ақ баталарын берді. Бүгінде елімізде туған жерінің, туған ауылының барын бағамдап, жоғын түгендеуге, перзенттік борышын өтеуге ниетті азаматтар қатары көбейіп келеді. Осындай игі іске көмек қолын созып, ауылдың көркеюіне, гүлденуіне атсалысқан түлектерге айтар алғысымыз шексіз.

1D1E9F52-B8C6-4241-B7D9-3BB0E23558C2

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале