30.05.2017, 18:12
Оқылды: 41

Түлектердің игі ісі

 Kirik oba Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толғанын атап өткен Жаңақала ауданындағы Карманов ЖОББМ-балабақшасының 2007 жылғы түлектері игі бастама көтерді. Олар осы бір атаулы күндерін ауылдастарының есіне қалдыру үшін «Менің жүрегім-Қырқопа» деген сөзі бар ескерткішті өз қаражаттарымен жасатып, өкруг орталығындағы «Арбат» демалыс орнына орнатты.


  Бұрынғы мектеп түлектеріндей мектепке, ұстаздарына шағын сыйлық ұсынбай ауылға көрік берер ескерткіш орнату бұлардың бойындағы туған жерге деген отаншылдық рухпен құрмет, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге деп түсінген қырқопалықтар игі іске үлкен ризашылық білдірді.

  -Бұлар мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ұйымшылдықпен, ортақ іске белсенділікпен көзге түсуші еді, - деді шара барысында шәкірттеріне ризалығын білдірген сынып жетекшісі Артур Темірғалиев.

  Тұрғындар жақс үрдіс жалғасын табар деген сеніммен тарқады.

Надежда Есетова

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале