30.04.2021, 11:52
Оқылды: 96

Түлектердің тартуы

Көктем шығысымен бүкіл тіршілік атаулының қайта түлей түсетіндігі белгілі. Сонымен қоса ауданда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары да басталады. Жылдағы дәстүр бойынша ағаш отырғызу жұмыстары оңтайлы жалғасын тауып келеді. Таяуда бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнінде Жаңақала ауданы орталығындағы Тәуелсіздік саябағында тал-терек егілді. Нақтырақ айтсақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған Жаңақала орта мектебінің түлектері 93 түп (шетен ағашы, ақ қайың, ақ терек, қызыл емен, жұпар гүл т.б.) терек отырғызды. «Бір тал кессең, он тал ек» деген қағиданы ұстанған аталмыш түлектер өз қаражаттарына алған көшеттерді отырғызып, игілікті іс тындырды.

CD457B58-2546-4892-9DDB-E1A3F9D0A543

- «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ырымдайтын халықпыз. 2001 жылғы түлектер атынан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай саябаққа тал ектік. Сынып жетекшіміз Ғазиза Бекжанқызы мен Ләйлә Ғапарқызы да осы игі іске қолдау білдірді. Барша аудан тұрғындарын, жастарды осындай ауылды көгалдандыру ісіне атсалысуға шақырамыз. Біз бұл ісімізді туған өлкемізді гүлдендіруге қосқан үлесіміз деп білеміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын,-дейді түлектер атынан сөз алған Айболат Меңдіғалиев.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале