"Кеше, яғни 10 наурыз күні түнгі сағат 1.00- ден аса су деңгейі қатты көтерілді. Біздің үйіміз өзен бойында орналасқан. Сондықтан үйімізді су алып кетпесе екен деген уайым болғаны рас.
Бірақ төтенше жағдайлар бөлімі мен кезекшілікте болған мекеме қызметкерлері түнгі сағат бірлер шамасында әр үйдің есігін қағып, су деңгейінің көтерілгенін ескертіп, дайын отыруымызды тапсырды. Таңғы үштен аса су деңгейі төмен түсті. Түнгі кезекшілік таң атқанша су деңгейін бақылауда ұстады",- деді Жағалау көшесінің тұрғыны Жансая Берденова.
zhaikpress.kz