26.11.2021, 11:00
Оқылды: 48

Тұңғыш Президент күніне арналады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен тұңғыш Президент күніне орай Бәйтерек ауданы, Дариян ауылдық округіне қарасты Озерный елді мекенінде шағын футболдан жарыс өтті.

14

Бәйтерек ауданының жас футболшылары бақ сынаған аяқдоп бәсекесі ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстанып, әлемдегі нөмірі бірінші спорт түріне деген қызығушылықтарын ояту мақсатында оздырылды.

21

-Спортқа қызығып, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың саны көбейгені жақсылықтың белгісі. Үздік өнер көрсетіп, аудан, облыс атын шығарған атлеттерді аудан ғана емес, қазақ елі мақтан тұтады. Жарысқа келіп, өнерін көрсетіп жатқан жас футболшыларға тек сәттілік тілеймін. Бағы мен бабы келіскен шын мықты жеңіске жетсін,-деді турнирді тамашалауға арнайы келген Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

Доп үшін алаңның әр бөлігінде қызу тартыс өткізген ойыншылар шағын ауылдағы жанкүйер қауымның қошеметіне ие болды. Әр гол, қақпашының тамаша сейві ағайынның қиқуына ие болып, ойыншыларды желпіндірді.

16

17

Жарыс қорытындысында үшінші орын Дариян ауылында орналасқан Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының командасына, екінші орын Озерный ауылының жас футболшыларына бұйырса, бірінші орынды Рубежка ауылынан келген аяқдопшылар қанжығалады.

18

Жарыс барысында командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Марлен Үсенов, Әли Болат және Ербол Ортаев сынды футболшылар ұйымдастырушылардың арнайы сыйлықтарына ие болды.

19

15

Сонымен қатар Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов те жарыс қатысушыларын марапаттап, ойыншыларға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале