Бәйтерек ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы эстафетасын Тасқала ауданынан қабылдады.
Тасқала ауданы делегациясын Бәйтерек ауданы әкімі Асхат Шахаров бастаған лауазымды тұлғалар қарсылап алды.
Алдымен делегация құрамы «Жеңіс» саябағында болып, «Даңқ» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Одан соң «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының эстафетасы жұмысын 5 бағытқа бөлінген диалогтық алаңда жалғастырды.
Бірінші диалогтық алаң «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбына негізделді.
Екінші диалогтық алаң «Ата сөз – бата сөз» деп аталды.
Аудандық тарихи-өлкетану музейінде ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, еңбек ардагерлерінің қатысымен өткен алаңда ел болашағы, жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар кеңінен сөз болды.
Ал үшінші диалогтық алаң «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқылау» тақырыбында өтті.
Аудан әкімдігінінде аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен диалогтық алаң «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы» тақырыбын қамтыды.
Диалогтық алаңда БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Данильбек Саратов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вера Шохина, Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов сөз сөйлеп, еліміздегі тұрақтылық пен татулық жөнінде әңгіме өрбітті.
«Достық» үйінде өткен бесінші диалогтық алаң «Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері» тақырыбына бағытталды.
Алаңда «Татуласу» орталығының басшысы Алуа Ракишева, Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез тағы басқалары сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.
Диалогтық алаң жұмыстарынан соң аудандық мәдениет үйінде Тасқала ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті.
Мерекелік концерт соңында Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаровқа «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 25 жыл» кітабын салтанатты түрде табыстап, екі аудан басшылығы өзара естелік сыйлықпен алмасты.
Ертай Бимұханов
cуреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер