6.08.2018, 15:08
Оқылды: 40

Тұрақты жұмысқа орналасты


Шыңғырлау ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.


IMG_5563

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге аудандағы 30 мекеме мен кәсіпорын 100-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

 Оған жұмыс іздеген 30-ға жуық азамат қатысып, түйіндемелерін тапсырды. Нәтижесінде екі адам тұрақты жұмысқа орналасты. Енді Ермұхамбет Альмурзиев Шыңғырлау ауылы әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі, Ермек Жұмашев аудандық мәдениет үйінде көркемдік суретші болып қызмет атқарады.

Сонымен қатар жәрмеңкеге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кеңесшісі қатысып банк арқылы қалай баспанаға қол жеткізуге болатыны туралы, аудандық жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі мен бизнес ашу жайында  кеңес берді.

Алия НҰРЛЫБЕККЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале