Жаңақала желілік өндірістік басқармасы ағымдағы жылдың 5-9 маусым аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты аудан көлемінде газ уақытша тоқтатылатынын ескерткен болатын. Осыған орай тұрғындар газ баллондарды, электр газын пайдаланды. Соның салдарынан маусым айының 5-і күні шамамен кешкі сағат 21:30-да аудан орталығындағы Л.Губашева көшесіндегі №6 тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алды. Өрттің себебі үй иесі кешкі ас дайындау барысында газ баллонды дұрыс пайдаланбай, өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзуына байланысты жарылыс орын алған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта баспанасыз қалған отбасына халық көмек көрсетуде.
Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Тұрарбек Апақаев: «Жаңақала ЖӨБ жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы уақытта газ тоқтатылған жағдайда сертификатталмаған газ баллондарды қолданбауды және 21 ақпан 2022 жылғы № 55 ҚР ТЖ Министрімен бекітілген өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын ескертеміз»,-дейді.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz