27.02.2026, 15:45
Оқылды: 15

Тұрғындар мәселесі - басты назарда

“AMANAT” партиясы Жаңақала аудандық филиалында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев аудан тұрғындарын жеке қабылдап, халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді тыңдады. Ашық форматта өткен қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей аудан басшысына жеткізіп, нақты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
image-27-02-26-12-39
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамту, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жүйелеу, сондай-ақ елді мекендердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мәселелері кеңінен көтерілді. Сонымен қатар жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік қолдау бағытындағы өтініштер де назардан тыс қалмады.
image-27-02-26-12-39-2
Кездесу барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жіті мән беріп, көтерілген сұрақтардың мән-жайын жан-жақты талқылады. Кейбір өтініш иелеріне заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті кеңестер берілді. Ал нақты шешімді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты бөлім және мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар жүктелді.
image-27-02-26-12-39-1
Жеке қабылдау нәтижесінде бірқатар мәселелердің оң шешілуіне жол ашылып, тұрғындардың өтініштері бақылауға алынды. Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы 
image-27-02-26-12-39-3 image-27-02-26-12-39-4
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале