31.05.2022, 14:30
Оқылды: 44

Тұрғындар талабы ескеріледі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Қаратөбе ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтанның ауыл тұрғындарымен жүздесуі Мұхит елі Саралжында жалғасты.

Саралжын сход (6)
Ауыл тұрғындарына есеп беру жиынына аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов, аудан прокуроры Алмас Таспихов, және дербес бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Карелұлы, ең алдымен, Саралжын ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар жалпыхалықтық референдумға байланысты жасақталған сайлау учаскелерінің дайындығын қадағалады.
Халықпен кездесуде ауылдық округ әкімі Самғат Зеинуллиннің жыл басынан бері атқарылған есебі тыңдалды.

Саралжын сход (8)
Саралжын ауылдық округі аудан орталығынан 59 шақырым, облыс орталығынан 310 шақырым қашықтықта орналасқан. Округ құрамына Қарақамыс және Сәуле елді мекендері кіреді. Округ бойынша аула саны 300, халқының саны 1438 адам, 350 жанұяны құрайды. Жыл басынан бері Саралжын ауылдық округі бойынша қылмыстық іс тіркелген жоқ.
Қарақамыс ауылындағы ауыз сумен қамту нысандары толық жұмыс жасауда. Көшедегі қоғамдық су алатын 3 су тарату құдықтарынан ауыл тұрғындарының су қажеттілігін қанағаттандырып отыр. Жарықтандыру бойынша ауылдық округте 8 көше болса, қазіргі таңда 8 көше толықтай жарықтандырылды. 23 көше фонарлары жаңадан алынып, қайтадан жаңартылып орнатылды. 2022 жылы елді мекендерді абаттандыру мақсатында ауыл көшелеріне билбордтар орналастыруға 200 мың теңгеге келісімшарт жасақталды. «Туған жер» жобасы аясында Саралжын ауылының Саралжын ЖОББМ-нің 2002 жылғы түлектері Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі айналасына 100 мың теңгеге әр түрлі жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.
Ауылдық округ әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан халықпен кездесу өткізудегі есеп берудің жаңа жүйесіне тоқталып өтіп, Саралжын ауылдық округі бойынша тұрғындар тарапынан жолданған мәселелерге тоқталды.
Саралжын ауылдық округі бойынша жол мәселесі, интернет жүйесінің нашарлығы, «Ғабдрахманов» көшесіндегі электр жарығын қалыпқа келтіру, секілді бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Саралжын сход (11)
Тұрғындармен кездесуде Жасұлан Кәрелұлы:
– Саралжын ауылдық округі - ауданымызға іргелес жатқан ауылдардың бірі. Сіздердің тарапыныздан қойылған өзекті мәселелер, соның ішінде жол мәселесі қаржылық жағдайлар шешімін тапқанда жүзеге асырылады. Ауылдық округте жол мәселесінің өзекті екендігін білеміз. Қазіргі таңда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бірінші кезекте ауылішілік жолдарды қалпына келітру жұмыстарына қаражаттар қаралуда. Аудан мен округті байланыстыратын жолдың да мәселесі кезең-кезеңімен жасалады. Қазіргі таңда 15 шақырым жерге ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл судың қарқыны жоғары болғаны рас. Осы ретте көктемгі су тасқыны салдарынан жол қатынасы үзілген уақытта сабырлылық танытқандарыңызға алғысымды білдіремін. Әрине, Шалғында болған жағдайларды көз алдымызға елестету өте қиын. Мемлекет тарапынан қазіргі таңда Шалғын елді мекенін қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд.-қа жуық қаражат бөлініп отыр. Алдағы уақытта тиісті қаражаттар бөлінсе жол мәселесі де өз шешімін табуы мүмкін», - деді.

Саралжын сход (2)
Есептік кездесуден соң аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жасұлан Сұлтан және дербес бөлім басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале