19.06.2017, 11:24
Оқылды: 37

Тұрғындар жеке сауалдарымен жолықты

Taskala tyrgindar jeke saualdarimen jolikti   Тасқала ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратурасы бірігіп, бірыңғай қабылдау күнін  өткізді. Аудандық мәдени-демалыс орталығына жиналған тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салды.


   Жер телімінің шекарасын анықтау, соған байланысты құжаттарды қайта рәсімдеу, жол жөндеу мәселелерін көтерген тұрғындарды аудан басшысы С.Әлиев қабылдап, сұрақтарға нақты жауап берді. Ал аудан орталығындағы М.Лермонтов атындағы көшенің жарығы жасамайтынын, жолының жағдайы нашар екенін жеткізген Қ.Шагировке бұл істің жақын арада қолға алынатынын айтты.

   Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік ашу бағытында несие алу, мал шаруашылығын бастау жағдайлары да қарастырылды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале