13.04.2022, 16:45
Оқылды: 50

Тұрғындардың бастамасы

Өткен жексенбіде Ақжайық ауданы орталығында Кенеев, Бауырластар көшелерінің тұрғындары сенбілікке шықты. Өздерінің үйлерінің айналасын тазарту жұмыстарына оннан астам үйдің тұрғындары қатысты. Олар лайсаңда жол бойында қалған көліктердің іздерін тегістеп, контейнерлерді күл-қоқыстардан арылтып, көпке үлгі боларлық бастама көтерді.

B420FD6E-71B6-46CB-8E3C-C556710BB443

–Сенбілік – тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу үшін біздің көшенің тұрғындары ешкім итермелемей-ақ жыл сайын көктем-күзде сенбіліктер өткіземіз. Қоқысты шығаруға барлығымыз ақша жинап, арнайы трактор жалдадық,- дейді Кенеев көшесінің тұрғыны Фархат Уахитов.

Өзгелердің қашан айналамызды тазартып кеткенін күтіп отыру – өз үйінің, ауылының ажарын ойлағанға жарамайтын іс. Бұл  бастама тек бірді-екілі көшемен шектелмей, бүкіл ауыл болып қолға алынса, айналамыз жұп-жұмыр, айнадай жарқырары кәміл. Туған ауылдың тазалығына селқос қарамай, көпке ортақ істі өзімізден басталық.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале