Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің тұрғындармен өткізіп жатқан жүрмелі жиыны «Даңқ» саябағы мен «Зерде» дүкенінің алдында өтті.
Ол жерге осы аумақтағы 8 наурыз, С.Меңдешов, Ж.Сүлекешов, 1 мамыр, И.Тайманов, С.Бабажанов, И.Меңдіханов, Ж.Ильясов, А.Оразбаева көшелерінің тұрғындары қатысты.
Тұрғындар кездесуде әртүрлі бағытта біраз мәселені аудан әкімімен бірге талқылап, мәселелерін жеткізді.
Оның ішінде жол салу, жарықтың жиі өшуі, көше шамдары, техникалық сумен қамту, саябақтарды абаттандыру және интернет жылдамдығына қатысты мәселелерді аудан әкімінің назарына жеткізді.
zhaikpress.kz