Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың ХХVІII кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.
Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.
Теректі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту жайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Досанов баяндама жасады.
Аудан халқы үйден шығатын тұрмыстық қалдықтардан бөлек, ауладан шығатын қоқыстарды да жәшіктерге төгетіні көпшілікті алаңдатып отыр. Қалдықтарды шығару кезінде сұрыптап, қайта өңдеуді қолға алу жолдары да қарастырылды.
Одан әрі мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №31-2 учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы өзгерісін аудандық мәслихат аппаратының басшысы Болат Кенжеғұлов баяндады. Ұсынылған өзгерістер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Өз кезегінде сөз алған аудан басшысы Тілек Александрұлы ауданда атқарылып жатқан істерді тілге тиек етті. Сонымен қатар басылымға жазылу науқаны жүріп жатқандығын ескертіп, аудандық газетті қолдауға шақырды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz