20.10.2022, 13:01
Оқылды: 11

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде кәмілетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында колледж студенттерімен дөңгелек үстел өтті.

20

Шараға колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Айдарбек Жұманиязов, колледж психологы Алиса Бакишева қатысты. Олар білім алушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы туралы түсіндіріп, қолданыстағы заңнама бойынша жіктелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың түрлерін атап өтті. Сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары таныстырылды.

21

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Айдарбек Жұманиязов барлық сұрақтарға тиісінше жауап берді.

Б.Ахметов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале