16.05.2022, 19:05
Оқылды: 45

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Референдум өткізу жөніндегі штаб төрағасының орынбасары Әлихан Досмұхамбетов Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің халқымен кездесу өткізді. Жиында реформалар жобасы бойынша елде жалпыхалықтық референдум өткізу туралы түсіндіру жұмыстары сөз болды.

D7FE519E-74A5-494F-9502-359F8C1B35B2

Ә.Декартұлы Ата Заңымызға өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы жөнінде толықтай түсіндіріп айтты. Сонымен қатар 5 маусым күні өтетін референдумға жұдырықтай жұмылып, дұрыс шешім қабылдап, өзгеріс енгізілуін таңдауға шақырды.

- Ата Заңымызға өзгеріс енгізу бірінші орында жастарға үлкен қолдау болады. Себебі болашақ жастардың қолында. 100 пайыз халық референдумға келіп өзгертулер енгізуді қолдап сол бағытта жұмыла дауыс берсек, құба-құп болар еді. Халықтың таңдауы дұрыс шешім екенін көрсетуіміз қажет. Өзгеріс енгізудің дұрыстығын дәлелдеуіміз керек. Алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылып келе жатырмыз. Жаңа Қазақстанның құрылуына өзіміз себепші болғанымыз жөн, - деді Ә.Досмұхамбетов. Ауыл тұрғындары да референдумға өзгеріс енгізілуін қолдайтындарын, міндетті түрде дауыс беруге қатысып, дұрыс таңдау жасайтындарын жеткізді.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале