Жеңіс күні қарсаңында Достық үйі қызметкерлері арнайы тыл еңбеккерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, дастархан жайды.
Алғашқы сөз кезегін алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев 72 жыл бұрынғы халықтың жай-күйін, мұң-мұқтажын айтып, осы күнге аман-есен жеткен жерлестерін атаулы датамен құттықтады.
Балалық шағынан сыр шертіп, қазіргі заман бүлдіршіндерінің өміріне қызыға да қызғана қарайтынын жасырмады. Сонымен қатар алдағы уақытта атқарар жұмыс жоспарымен де таныстырып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов та жиынға қатысушыларға ақ тілегін арнап, елімізде болғалы жатқан елеулі оқиға – «ЭКСПО-2017» көрмесі жөнінде мәлімдеді.
Шара барысында қонақтар естеліктерімен бөлісіп, Достық үйі қызметкерлерімен қосыла ән шырқап, арқа-жарқа болды.
Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ
Теректі ауданы
zhaikpress.kz