8.05.2025, 16:15
Оқылды: 417

Тыл ардагерлеріне құрмет

«AMANAT» партиясының Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Ермуханов «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, оларды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

IMG-20250506-WA0007

Бұл кездесулер барысында ардагерлерге партия атынан алғыс айтылып, естелік сыйлықтар табысталып, ыстық тілектер ақтарылды.

IMG-20250506-WA0005

– Ардагерлердің өмір жолы, ел үшін атқарған еңбектері – бүгінгі біз секілді ұрпақ үшін үлкен өнеге. Осындай кездесулер арқылы біз тарихи жадымызды жаңғыртып, ардагерлерге деген ілтипатымызды көрсетеміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда тер төккен ардагерлеріміздің еңбегі ешқашан ұмытылмайды, –  дейді филиал төрағасы А.Ермуханов.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале