ҚР Тәуелсіздігінің және ҚР прокуратурасының 30 жылдығына орай Жәнібек ауданының прокуратура қызметкерлері 30 түп жас көшет отырғызды. Ағаш отырғызуға аудан прокуроры Руслан Сабыров және прокуратура қызметкерлері қатысты. Теректер аудан орталығындағы тынымбаққа егілді.
– Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Байтақ жерімізді жайнату – әр азаматтың парызы деп ойлаймын. Аудандық прокуратура қызметкерлері боп Тәуелсіздіктің және ҚР прокуратурасының 30 жылдығына арнап, 30 түп ағаш отырғыздық. Бір жағынан мұны Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады» деген тапсырмасына қосқан үлесіміз деп те санаймыз, – дейді Руслан Меңешұлы.
Тынымбаққа көшет отырғызған прокуратура қызметкерлері енді оны күтіп-баптауды қолға алмақ ниетте.
Әсемгүл Әбділда,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz