21.02.2023, 12:30
Оқылды: 20

Тыныс алыңдар, су тұрғындары!

Бүгін қоғамдық-саяси шаралар да, экологиялық акциялар да «көрініс» үшін жасалатындай көрінеді. Суретте – қыруар адам, қайнаған жұмыс. Ал нәтижеге ешкім бас қатырмайды. Ниет дұрыс болмаған соң, мақсат орындала ма?

IMG-20230207-WA0087

Сырым ауданы, Қосарал ауылының азаматтары жарты күнін жақсы іске арнапты. Күрек, сүңгі, бұрғыларын арқалаған олар ауылдың іргесіндегі Бұлдырты өзенінің аңғарын жағалай отырып, 25-ке жуық ойық жасапты.

-Бұлдырты өзені – байлығымыз. Жазда малымызды суарамыз, балығын аулап жейміз. Су астында да өмір бар. Мұз астындағы ауа айналымы жаңарсын, оттегі барсын деген ниетпен жігіттер бірнеше ойық жасап, қамыс тығындап кетті. Біреудің тапсырмасымен емес, риясыз көңілмен іске асқан шаруа, - дейді ауыл белсендісі Сағадат Днекешов.

Халықтық бастамаға ақылы қоғамдық қызметтегілер де атсалысқан. Мемлекеттік қызметкер Аяпқали Ханғожин өз қаражатына қол бұрғысын сатып алып берген.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале