13.04.2017, 15:09
Оқылды: 28

Уақытқа бағытталған рухани бетбұрыс

Шыңғырлау ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

Аға буын- ардагерлер қатары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар қанаты, аудандық БАҚ мамандары мен кітапханашылар қатысқан жиында аталмыш құжаттың елдің дамуындағы, заманауи қалыптасуындағы барлық саланы қамтып өтетін қажетті қадамдары және олардың қажеттілігінің дәлелдері, соны түсіну тұрғысында пікірлер ортаға салынды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сәмиев «Жаңғыру үрдісінің ұтқыр тұсы мол, өзіміздің ұлттық кодымыздан ауытқымай, жаңа уақытқа сәйкес болудың жолдары көрсетілген және мұның барлығына білім арқылы, ұлттық дәстүрімізге суарылған тәрбие арқылы, көкірек көзін кеңейтетін сананың кеңеюі, әлемдік даму элементтерін өз даму үрдісімізге молдап енгізу арқылы жете аламыз» деп атап өтті.

Осындай пікірлер аудандық «Нұр Отан» партия филиалының төраға орынбасары С.Бәйтенова, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысы С.Бисенғалиева, кітапханашы Б.Хамитова тарапынан айтылып, Жастар қанатының өкілдері де өз ойларын білдірді.

         Қаршыға Асу

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале