31.01.2017, 11:26
Оқылды: 51

Үйден көмек көрсетілді

Kaztalov Mymkindigi shekteuli jandarga  Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Елбасы да өзінің әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы, олар да өздерін қоғамның толық мүшесі екенін сезінулері тиіс.


  Осы орайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық орталық аурухана тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асырылуда. Соның айғағындай 30 қаңтар күні мүгедектерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қолжетімдікпен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері Қазталов ауылының мүмкіндігі шектеулі балалар, қозғалуы қиын I топ мүгедектерінің үйлеріне барып, кеңес беріп, қажетті емдік шаралар жүргізді.

  Сала қызметкерлеріне I топ мүгедегі  Марлен Нұрғазиев сыртқа серуендеуге шығатын қоларба қажеттігін  жеткізсе, Ақболат Ғазизжанов кіріп-шығуға қолайлы үй алуға көмек қажеттігін айтты. Сонымен қатар тегін массаж жасау, жеке көмекші қажеттігі, үйден ем-дом қабылдауға мүмкіндік керектігі туралы да айтылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале