24.01.2020, 17:12
Оқылды: 20

Үйін жөндетіп, төлемнен жалтарып жүр

Бәйтерек ауданында тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы жақсы жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы мұнда 5 тұрғын үй жөндеуден өтсе, Переметный ауылындағы көп пәтерлі бір үй қайтарым есебінен жөнделді. Оның жобалық-сметалық құны - 4 393 мың теңгені құрады.

«Достастық» ЖШС берген мәлімет бойынша, жергілікті бюджет есебінен 4 тұрғын үй жөнделіпті.

 Айта кету керек, аталған баспаналарды жаңғыртуды «НИРА» ЖШС атқарған. Биыл 6 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу белгіленіпті. Оның төртеуі Переметный ауылында (Ростошинский переулок көшесі 8-үй, Әуезов көшесі 171 үй, Алматы көшесі 8-үй және Әуезов 177 А үйі) және екеуі Дариян ауылында (Шолохов көшесі 16-үй, Мәметова көшесі 54-үй).

Алайда тұрғын үйлерді жөндегеннен кейін оның төлемін төлеуден жалтарып жүргендер де бар көрінеді. Қазірдің өзінде  41 688 мың теңгеге 353 талап-арыз түссе, 48 талап-арыз дайындалу үстінде екен.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале