Казталов ауданы орталығы Казталов ауылында көпбалалы отбасының үйі астынан су өніп, баспанасы бүлінді.
Ы.Сауанов көшесінде тұратын Азамат Бекеновтің үйі Қарасу тоғаны жағасында орналасқан. Жерасты суының көтерілуіне байланысты бес баласы бар жанұяның үйінің едені астынан су өнген. Ауыл әкімдігі тарапынан су сорғысы қойылып, су сорылғанымен жер астынан өнген су деңгейі түсер емес. Жалпы биыл ылғалдың мол болуынан ауыл бойынша жерасты судың деңгейі көтерілген.
Өз көзімізбен көргендей, ескі үй алдағы уақытта тұруға жарамсыз. Іргетасы отырған, астынан су өніп, үйдің іші ылғал тартып тұр.
Ендігі кезекте, көпбалалы отбасыға жаңа баспана алуға немесе салуға қаражат керек.
Құрметті ауылдастар! Азамат Бекеновты қолдап, қаражат жинап қол ұшын созайық!
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz