15.05.2020, 16:14
Оқылды: 57

Үйлі болудан үміт бар

 Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы Дина Нұрпейісова атындағы көшедегі №11 үйдің бүгінгі хәлі үрей тудырады. Құлағалы тұрған баспанада жас отбасы өмір сүреді дегенде сенбегеніміз рас.

9A7ECB68-FCD3-49BE-8B51-E2A5FC56FA9F

Олар аспандағы жұлдызды үйден шықпай-ақ көре алады. Олар қылаң беріп атқан таң шапағын да үйде отырып-ақ сезе алады. Бұл мақтаныш емес. Бұл - мұқтаждық.

EF627D24-45C1-4ABD-A2AC-BBDAD57D578C

Абай ауылына 2019 жылы күзде көшіп келген Аманжан Есеновтың жағдайын аудандағы «Бірлік» қоғамдық бірлестігі төрағасы, теолог Бағдат Адайхан былайша жеткізеді:

- Бірлестіктің жұмысы аудандағы намаз оқитын жамағаттың хәлін білу, жәрдемдесу болып саналады. Ақжайық ауылдық округіне қарасты Абай ауылына мұсылман бауырымыз көшіп келді дегенді естіп, Аманжанға арнайы бардым. Бардым да, үйін көріп есімді біраз жия алмай тұрдым. Сосын Аманжанмен жақынырақ танысып, азық-түлікпен көмектесіп тұрдым. Одан кейін whatsapp әлеуметтік желісіндегі «Ақжайық жамағаты» атты топқа бауырымыздың жағдайын айтып, хат қалдырдым. Менің сөзім аяқсыз қалмай, Ақжайық ауылындағы Нұрғазы атты бауырым Абай ауылына барды. Ол үйді көріп, ақжайықтық жамағат жөндеп беруге ниеттенген еді. Алайда үйдің қазіргі жағдайы жөндеуге мүлдем келмейді,- дейді Бағдат Адайхан.

438769A4-BF05-4224-8C33-FC0518B7147C

Аманжан Есенов Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Бала кезінде отбасылық жағдайына байланысты Сырым ауданы, Алғабас ауылына қоныс аударған. Аманжанмен телефон арқылы тілдескенде, ол өз жеке өмірі туралы, ата-анасы, ағайындары турасында айтқысы келмеді. Біз де қазбалап, жараның аузын тырнағымыз келмеді.

618A749E-FD8B-461B-A647-2456FBD26A66

Кейіпкеріміз І топ мүгедегі. Сүйіп қосылған жары Гүлбақыт Есенованың да денсаулығында кінәрат бар. Аманжанның мүгедектігі үшін төленетін 60 мың теңгесі тамаққа да, үй жалдауға да жетпейді. Абай ауылындағы үйді Аманжан 1 млн. 200 мың теңгеге сатып алғанымен, бұрынғы иесіне тек 200 мыңды ғана төлеген. Бүгінгі таңда Аманжан Есенов жалдамалы пәтер жағалап, өлместің күнін кешуде. Ақжайық ауылдық округі әкімі Болат Қадралиев азық-түлікпен жәрдемдеседі екен. Бірақ басты мәселе – баспана болып тұр. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теологы Бағдат Қанатұлының бастамасымен жас отбасыға үй алу мақсатында қаржы жиналып басталған. Алайда жүрегі жылы, қолы ашық азаматтар берген қаражат тым аз.

A50B14EB-C16B-488D-A800-65C6249F5350

Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газеті ұжымы Абай ауылы тұрғынының хәлін көріп, жағдайын біле тұра сырт айналып кетуді жөн санамайды. Сондықтан Аманжан бауырымызға баспана алып беру жұмыстарына тың қарқын беріп, бастамаға үн қосады.

Қабырғасы іріп тұрған, терезесі ашық-шашық, тірі жан қоныстануға мүлдем келмейтін үйде мүгедек жас отбасы қалай қыстап шыққаны түсініксіз. Кейіпкеріміздің көзіндегі мұң, дәрменсіздік оны қатты қинайды. Денсаулығы болса жұмыс жасап, бір қарекет қылар еді. Амал нешік?!  Қазір Абай ауылында да, жақын жатқан Ақжайық ауылында да саттықта тұрған үйлер бар. Бірақ бағасы миллионнан асып жығылады. Оған бір жәрдемақыға қарап отырған Аманжан мен Гүлбақыттың шамасы жетпейтіні анық.

E47C7EED-B03C-4DED-BC4B-DC0FD06C02DC

Аудандық басылымның көтеріп отырған осы мәселесі ескерусіз қалмайды деп сенеміз. Қазақ - жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған кеңпейіл халық. Сіз бен біздің тәттіге, яки ойын-сауыққа жұмсаған аз-мұз қаражатымыз бір отбасының баспаналы болуына сеп болатынын ескерсеңіздер екен. «Көп түкірсе - көл» демекші, жүректерінде мейірім бар азаматтардан жәрдем күтеміз. Қасиетті Рамазан айында берген садақаңыз сізге еселеніп қайтары сөзсіз, ағайын.

Қаражат аудару үшін ұсынылатын карта нөмірі : 5169 4931 7598 8727 ( Бағдат Адайхан)

Сонымен бірге, 8701 478 50 01 нөміріне қоңырау шалып, Аманжан Есеновтың жанұясына жәрдем бере аласыздар.

 Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале