17.03.2026, 18:00
Оқылды: 7

«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»

Дәл осындай атаумен бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 17 наурыз – «Шаңырақ күніне» орай  рухани кеш оздырылды.

Шаңырақ күні (4)

Аталмыш кеште іс-шараға арнайы шақырылған  аудан орталығында тұрып жатырған үлгілі отбасылар, ауданға белгілі медицина саласының ардагерлері Өтеғалиевтер отбасы, аудандық сот мекемесінің кеңсе меңгерушісі Серікжан Жаролланың және ұлттық дәстүрді ұстанып, бірнеше жылдардардан бері тазы баптап жүрген ауыл тұрғыны, мұғалім Азамат Исаның отбасы қатысып, ұлттық құндылықтар тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов отбасының қоғамдағы рөлі туралы әңгімелеп, кешке қатысушы өнегелі отбасыларды  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.

Шаңырақ күні (5)

Сөз кезегін алған медицина саласының ардагерлері Махсот аға мен зайыбы Сақыпжамал апа  өздерін құрметпен іс-шараға шақырып отырған кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.

Ауданға кеңінен танымал дәрігер, денсаулық сақтау саласында елеулі еңбек еткен  Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Махсот Мырзақанұлы баянмен ән айтып, кештің көркін қыздыра түсті.

Сонымен қатар Махсот аға кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, болашағына сәтті қадам тілеп, батасын берді.

Кеш қонақтары Шөптікөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Азамат Иса  өзінің бірнеше жылдан қолға алған тазы баптау ісі туралы айтып берсе, Серікжан Жаролла отбасы құндылықтары туралы әңгімелеп, іс-шараға қатысушыларды наурыз мерекесімен құттықтады.

Шаңырақ күні (6)

Аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары бірнеше әсем әндер орындап, кешке қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.

Мерекелік іс-шараны қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Нұржамал Берниязова кеш қонақтарына ризашылығын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

 

                                             Ерболат Райсов,

                                               Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале