29.04.2023, 23:21
Оқылды: 75

Үлгілі  "Гүлдәурен" би ансамбліне - 25 жыл

29 сәуір халықаралық би күніне орай Үлгілі "Гүлдәурен" би ансамблінің 25 жылдығына арналған "Өнерім - мәңгі жастық әлемім" шығармашылық кеші  өтті.

BD3DA4BD-EAF3-4D70-B13C-FF5C29BD5CB8

"Гүлдәурен" би ансамбілінің жетекшісі Элеонора Валиева ауданымыздың би өнерін 25 жыл бойы дамытып, үлкен үлесін қосып келеді. Осы уақытқа дейін көптеген мың бұралып билейтін биші қыздардың бағын ашып, сүйікті мамандығының иесі атануының да бірден бір себепкері.

7EA03B4E-BEB0-458B-A2E9-F5C01B8FEF37

Сахна шымылдығы Э.Валиеваның өнердегі әріптесі В.Каменованың жетекшілігіндегі "Сымбат" би ансамблінің "Өнерім - мәңгі жастық әлемім" атты биімен түрілді. Одан соң сахна төріне    кеш иесі Э.Ғайниетқызы шығып, қазіргі мамандығы оқушы кездегі балалық арманынан бастау алғанын айтып, жиналған көрерменге алғыс білдірді.

19663FBC-188E-4F72-850A-5268A8B890CE

Мерекелік кеште Үлгілі "Гүлдәурен" би ансамблінің үлкен, орта, кіші және даярлық тобы өнер көрсетіп, түрлі ұлттардың және заманауи би түрлерін тарту етті. Шара барысында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов Э.Валиеваға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың атынан алғысхат тарту етсе, ата-аналар атынан құттықтау қағазы мен түрлі сыйлықтар ұсынылды. Жиын соңы көрермендердің қошеметіне ұласып, естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

D51F6BAD-5986-4C2F-AFE2-4A3066698278

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале